Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісіне қарсы ымырасыз күресті өзінің толық қолдайтынын растай отырып, терроризмге қарсы кең ауқымды халықаралық коалиция құру арқылы осы бағыттағы халықаралық әрекеттерді үйлестіруді барынша нығайтуға шақырады. Адамгершіліктен жат бұл қасіреттердің ұйымдастырушылары мен насихатшылары анықталып, қатты жазаға тартылу қажет.
Қаза тапқандардың және зардап шеккендердің жанұяларына, сондай-ақ Иран халқы мен үкіметіне көңіл білдіреміз.